Енді балаға алиментті ата-әжесі төлейді
Енді балаға алиментті ата-әжесі төлейді
Алиментті әкесі төлемеген жағдайда ата-әжесі өтейді,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі qazaqstantv телеарнасына сілтеме жасап. Жамбыл облысында алимент өндірудің жаңа бағыты қолға алына бастады. Әділет департаменті борышкер саны көбейгендіктен осындай қадамға барған. Бұл бағытта жуырда екі зейнеткерге қатысты іс қаралып, сот арқылы өндірілген. Былтыр Жамбылда 17 мың адам берешек болса, оның 900-і ғана қарызын өтеген. Яғни, қазір 16 мыңнан астам әке алиментке 1 млрд 200 млн теңге қарыз. Соңғы 2 айда 38 млн теңге ғана өндірілген. Ал өңірде алиментті мүлде төлемей жасырынып жүрген 127 әке бар.
/фото ашық дереккөзден алынды