Жаңалықтар

Көктемгі демалыс басталғалы бері полиция бөлімдеріне 236 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді

Көктемгі демалыс басталғалы бері полиция бөлімдеріне 236 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді

Жамбыл облысының аумағында полиция қызметкерлері көктемгі демалыс кезінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалар мен өзге де оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізуде,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлер балаларға тұрмыстағы, қоғамдық орындардағы және көпшілік демалатын орындардағы тиісті тәртіптері, қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ өздері пайдаланатын жеке заттарының сақталуына жауапкершіліктері туралы түсіндіреді. Сондай-ақ, жасөспірімдерге жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі, сондай-ақ роликтер мен велосипедтер теуіп жүргенде құлаққап пайдаланудың қауіптілігі туралы ескертуде. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерсіз болуына ерекше назар аударылады: ойын-сауық орындарында сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін және үйден тыс жерде сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін ғана жүре алады. Кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлар жастардың көп жүретін орындарын және ойын-сауық орындарын тексеріп, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған жасөспірімдердің үйлеріне баруда. Демалыс басталғаннан бері полиция бөлімдеріне 236 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, 418 заңды өкілдер мен өзге де ересек адамдар жауапқа тартылды.