«Басжақсы» деген қай жақсы?
«Басжақсы» деген қай жақсы?
Мәселен, дәстүрді терең білген ағартушы Ыбырай Алтынсарин «Басжақсыны қалыңдығының сәукелесіне арнап, күйеу беруге тиіс. Бай, дәулетті адам басжақсыға 500-600 сом, орташа дәулетті адам 200-250 сом көлемінде береді. Мұндай кәде ақшалай төленеді», – деп айтыпты. Ал, этнограф, ғалым Халел Арғынбаев «Басжақсы әсіресе, кіші жүз руларының арасында жақсы беріліп келген. Адай, таз, табын, Шекті руларында 150 қой немесе 8 түйеге дейін барған» – дейді. Ол кезеңде халқымыз қалың мал мәселесіне ерекше мән берген. Соған лайық қыз беруші жақтың да міндеті аз болмаған. Басжақсы туралы «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» энциклопедиясының 1-томында кеңінен айтылған.
Сұлтан НҰРТАЙ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті.