Елдік ерекшелігі
Елдік ерекшелігі
Қыдыр ата бата беріп, кимешекті әжелер мен ақ жаулықты аналар «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деп шат-шадыман қуанышты күннің белгісіне шашу шашып, қымыз құйып берді. Шуақты сәттің шұғыласымен бөлісіп, марқайған көңілін көппен бөліскен мектеп директоры Айжан Абдешова ауылдың алты ауызы ретінде «Әридаш-ай» әнін орындады. Мерекелік кеш барысында ұлттық салт- дәстүрден көріністер қойылып, «Тұсаукесер», «Бесікке салу» рәсімі орындалды. Сондай-ақ, №26 орта мектепте де дәл осындай нақыштағы «Қош келдің, әз Наурыз» атты салтанатты кеш барысында «Тұсаукесер» рәсімі сахналанып, «Көктем», «Тұмар ханша» билерімен үйлескен, Наурыз әні шарықтай түсті. Сондай-ақ, Жамбыл индустриалды- технологиялық колледжінде де Наурыз мерекесіне орай «Бесікке салу рәсімі» өтті. Кештің әсемдігін арттырып, ұлттық жөн- жоралғыны таныту мақсатында сабау сабаған әжелер мен ұршық иірген келіншектердің әсем ән де көпшілік көңілінен шықты. Қыздар бұрымын өріп, шашбау тақса, ұлдар асық, тоғызқұмалақ ойнады. «Ханталапай», «Қол күрес», «Арқан тартыс» сынды ұлттық ойындар тамашаланды. Тойдың ең үлкен кәдесі ретінде қонақтарға Наурыз көже таратылды.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ