МЕРКІДЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ОЙНАДЫ
МЕРКІДЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ОЙНАДЫ
Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес 20 наурыз Меркі ауданы білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында сағат 12:00-де домбырашылар бір мезетте күй ойнады. Әр уақытта Наурызда өткізілетін мерекелік іс-шаралар, халықтық мерекелер, ұлттық ойындар домбыраның күмбірлеген үнімен сүйемелденеді. Музыка, әсіресе домбыраның күмбірлеген үні барлық ұлттарды жалпы адамдық құндылықтар – толеранттылық, төзімділік, бірлікке үндеп, бір арнаға тоғыстырады. Өскелең ұрпақтың өз тарихы мен өнерін үйренуге деген ұмтылысы мен қызығушылығын оятады. Домбыра – мәдениетіміздің негізгі символдарының бірі, ұлттық құндылығымыз. Біздің оқушыларымыз, балабақшаның кішкентай тәрбиеленушілері ұлттық аспапта ойнауға белсенділік танытқаны қуантады. Бүгін домбыраның шанағынан төгілген үн еліміздің әр өңірінде әуеледі.