Жамбылда не жаңалық?

Ербол Қарашөкеев: «KazАgroZhambyl-2024» форумы өңірдің ауылшаруашылығының дамуына имульс береді

Ербол Қарашөкеев: «KazАgroZhambyl-2024» форумы өңірдің ауылшаруашылығының дамуына имульс береді

«KazАgroZhambyl-2024» форумы өңірдің ауылшаруашылығының дамуына имульс береді. Бұл туралы Тараз қаласында алғаш рет өтіп жатқан «KazАgroZhambyl-2024» көрме-форумының ашылу салтанатында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев осылай деді.

Сондай-ақ Ербол Шырақбайұлы бұл форум аймақтағы шаруалардың жұмысын ширатып, өзара бәсекелестікті арттыратынына сенім білдірді.   

Естеріңізге сала кетейік, «KazАgroZhambyl-2024» форумына Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлері, Түркия, Қырғызстан вице-министрлері,  ТМҰ Бас хатшысы, Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы, сондай-ақ Қытай, Нидерланд, Ресей және т. б. елдердің компанияларының өкілдері қатысуда.

Жиын қорытындысына сәйкес, стратегиялық келісімдер қабылданады деп күтілуде.