Жаңалықтар

Көші-қон заңнамасын түсіндіру бойынша жолаушылармен кездесу өтті

Көші-қон заңнамасын түсіндіру бойынша жолаушылармен кездесу өтті

Осы жылдың наурыз айының 19 күні Көліктегі полиция департаменті Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Аманат» партиясы өкілі, Жамбыл көлік прокуратурасының өкілі және темір жол қызметкерлерімен бірігіп Тараз станциясының темір жол вокзалында және жолаушылар поездарында жолаушы азаматтарға көші-қон заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.  

Кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасының және шетел азаматтарына көші-қон заңнамасын және шетел азаматтарының жүріп-тұруы туралы қағидасын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік және бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу болып табылды.