Елтаңбаны ауыстыруға қатысты шешім қабылдау комиссиясы құрылады
Елтаңбаны ауыстыруға қатысты шешім қабылдау комиссиясы құрылады
Елтаңбаны ауыстыруға қатысты шешім қабылдау комиссиясы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Қаржы министрі Мәди Такиев айтты,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Осы орайда Мәди Такиев елтаңбаны ауыстыруға қанша қаржы жұмсалатындығын, қандай қаржы көздерінен қаржыландырылатындығын айтпады.
Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы сөзінде ұлттық бірегейлігіміздің мемлекеттік рәміздерде айқын көрініс тапқанын атап өткен еді.
/фото adilet-gazeti.kz сайтынан алынды