Құқық

ҚАЖ қызметкерлері ұлттық киімді ұлықтады

ҚАЖ қызметкерлері ұлттық киімді ұлықтады

18 наурыз – Наурызнаманың бесінші күні – Ұлттық киімді ұлықтауға арналды. Айтулы күнді ҚАЖ қызметкерлері айрықша сән-салтанатымен атап өтті.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің қызметкерлері ұлттық нақыштағы киім киіп, ерекше әсерге бөленді. Жалпы, бұл күн ұлтымыздың бет-бейнесіне сән беретін киім үлгілеріне деген құрметіміздің жарқын көрінісі. Айта кетейік, бүгінгі таңда №26 түзеу мекемесінде 60 адам қызмет етеді. Оның ішінде, 52 адам жеке құрам қызметкерлері болса, қалған 8 азамат еркін жалдамалы қызметкерлер.