Ауылдағы «Ашық есік күні»
Ауылдағы «Ашық есік күні»
Т.Рысқұлов ауданының №10 өрт сөндіру бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Д.Қонаев ауылындағы №5 шағын орталықта «Ашық есік күнін» өткізді.
Шара барысында мектеп мұғалімдері мен оқушылар құтқарушылардың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен танысып, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жарақтарын қызығушылықпен тамашалады. Азаматтық қорғау органының қызметкерлері балаларға өрт қауіпсіздігі шараларын сақтаудың маңыздылығын тілге тиек етіп, өрт туындай қалған жағдайда атқарылуы тиіс әрекеттерді еске салды.
Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП.