Жамбыл облысында Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
Жамбыл облысында Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
Жамбыл облысының орталығы - Тараз қаласында Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді. Биыл бұл игі бастама жаңа қабылданған Наурызнама тұжырымдамасына сай 15 наурыз – Қайырымдылық күніне тұспа-тұс келді. «Һибатулла Тарази» мешітінде ұйымдастырылған іс-шараға ауыз бекіткен жамағат қатысты. Олардың қатарында ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, көп балалы аналар, әр саладағы еңбек адамдары және қарапайым қала тұрғындары болды. Жиын барысында Ербол Қарашөкеев жұртшылықты Рамазан айымен және әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, Мемлекет басшысының атынан беріліп жатқан ауызашардың маңыздылығына тоқталып өтті.
Сондай-ақ, аймақ басшысы биыл Ұлыстың Ұлы күні – әз-Наурыз Рамазан айымен қатар келгені де мерекенің маңызын арттырып отырғанын, осы жылы Наурыз мерекесі еліміз бойынша жаңа форматта, ерекше аталып өтіп жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ, ауызашар шарасында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев сөз сөйлеп, елдің амандығы, береке бірлігі үшін дұға жасалды. Айта кету керек, бұл күні облыстың барлық аудандарында да ауызашар берілді.