Басты жаңалық

Наурыз мейрамын тойлауды Көрісуден басталуы маңызды

The final spritzer

Наурыз мейрамын тойлауды Көрісуден басталуы маңызды

Бүгін Атырау қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамын тойлауды Көрісуден басталуы маңызды екенін атап өтті. «Ендігі мәселе – ұлттық бірегейлігімізді нығайту. Мен «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатымда Ұлыстың ұлы күнін бүкіл ел болып жаңаша атап өтетінімізді айттым. Жақында осыған байланысты арнайы тұжырымдама қабылданды. Әрине, бүкіл әлем жұртшылығымен бірге қарсы алатын Жаңа жыл мерекесінен бас тартпаймыз. Бірақ Әз-Наурыздың мәртебесін көтеріп, мазмұнын байыта түсеміз».