Құқық

«Крещение Господне» мерекелеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы

«Крещение Господне» мерекелеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы

«Крещение Господне» мерекелеу кезінде шомылуға арналған келесі қауіпсіз аумақтар анықталды: Жамбыл ауданы Қарабастау, Қаратау, Жаңатас тас жолындағы Әулиебастау бұлағы. ЖЖФЗ-на бағытталған тас жолында Аса өзенінің көпір маңы, Талас өзенінің арнасындағы көпірлер (Қазпоселок, Тектұрмас, Спирт зауыты маңдарындағы). 18-19 қаңтар аралығында азаматтардың қауіпсіздігі үшін, шомылу мерекесі уақытында көрсетілген аумақтарда құтқару қызметі кезекшілігі ұйымдастырылуда. Шомылу кезінде, судағы қауіпсіздік сақтау үшін арнайы сүңгуір аппараттарымен, құтқару көкірекшесімен, шеңберімен жабдықталған білікті сүңгуір-құтқарушылар, сондай-ақ, жедел-жәрдем медициналық бригадасы мен полиция қызметкерлері болады. Шомылу мерекесі кезінде арнайы көрсетілген жерлерде шомылу қажет. Осыған қарамастан адамдар судағы қауіпсіздік шараларын сақтаулары қажет: - балаларды қараусыз қалдырмау және су қоймаларына жалғыз жібермеу; - шомылу уақытында алкогольдік сусындарды қолданбау; - есте сақтаңыз: судағы төмен температура ауадан гөрі қауіптірек болады; - суда мейлінше аз қимылдаған жөн, өйткені қимыл кезінде денеден жылу көп бөлініп тез салқындайды; - есте сақтаңыз: дене тітіркенуі, қол-аяқтың ауырып жансыздануы жанға батқанмен өмірге қауіпті емес, дененің толық суықтануы ғана өлімге әкеліп соғады; сондықтан қимылсыздық қалуды біршама созады. - қажет болған жағдайда су астымен жайлап, қол-аяқты, денені қатты серпімей жүзуге болады; - тырысқан жерді қолмен сылап-сипап, аяқ-қолды, саусақтарды қимылдатып, жүзу әдісін өзгертіп отыру керек, түйреуішпен шанышқылап немесе қолмен шымшылауға болады; - аяқ тартылғанда қолмен тартып түзеуге тырысу қажет; - барлық жағдайда да алдымен үрейге жол бермеген жөн, адам құтқару күртешесінсіз аяқ-қолдың көмегімен-ақ су бетінде ұзақ қалқи алады.

Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

Марат НҰРЖАНОВ, Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті «Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.