Жаңалықтар

Наурыз мейрамы жаңаша тойланады

Наурыз мейрамы жаңаша тойланады

Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев биылдан бастап Наурыз мейрамының қарсаңында оның мән-мағынасы мен мазмұнын байыту үшін жыл сайын 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігін жариялау ұсынылып отырғанын айтты. Наурызнама онкүндігі: 14 наурыз күні – Көрісу күні - Амал мерекесі тойланады 15 наурыз – Қайырымдылық күні 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні 17 наурыз – Шаңырақ күні 18 наурыз – Ұлттық киім күні 19 наурыз – Жаңару күні 20 наурыз – Ұлттық спорт күні 21 наурыз – Ынтымақ күні 22 наурыз – Жыл басы Наурызнаманың қорытынды күні, жаңа жылды қарсы алудың символы ретінде 23 наурыз – Тазару күні деп жарияланды. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.   Сурет qazaqstan.tv алынды