Ел есіндегі азамат
Ел есіндегі азамат
Ескерткіш-тақтаның ашылу салтанатына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы келіп қатысып, Баттал Жаңабайұлының қоғамдағы орнына тоқталды. – Біз бүгін облыс журналистерінің атасы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Баттал Жаңабайұлының есімін құрметтеуге арналған іс-шараға жиналып отырмыз. Ол кісі жиырма жылдан астам облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Aq jol») газетінде бас редактор қызметін абыройлы атқарған биік тұлға. Аталған газеттің «Сталиндік жолдан» «Еңбек туы» болып атауының ауысуына да өзі ықпал етіп, басы-қасында жүрген. Ағамыз еңбектің ерен үлгісін көрсетті. Оның атқарған істері бүгінгі жас ұрпаққа үлгі. Келешек жастарымыз да Баттал Жаңабайұлының мұраларымен қанаттанатыны анық. Жамбылдықтар журналистиканың абыз ақсақалын естен шығармайды. Жиналған көпшіліктің отбасына және Жаңабаевтар әулетіне тек жақсылықтар тілеймін, – деді өңір басшысы. Жиында жазушы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Елен Әлімжан сөз алып, Баттал Жаңабайұлының бір дәуірдегі журналистерге қолбасшы болғанына тоқт а лс а, Қазақст анның Құрметті журналисі Жаңабай Миллионов абыз ардагердің облыстық газеттің беделін көтеру арқылы өзі де абыройға бөленгенін айтты. Жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көсемәлі Сәттібайұлы аяулы қарттың облыс қаламгерлеріне де, ағайын-туыс, зиялы қауымға да құрметті болғанын жеткізді. Ескерткіш-тақтаны облыс әкімі Ербол Қарашөкеев және Елен Әлімжан, Көсемәлі Сәттібайұлы ашты.
Есет ДОСАЛЫ