Қазақстан боксшылары Париж Олимпиадасына бес жолдама жеңіп алды
Қазақстан боксшылары Париж Олимпиадасына бес жолдама жеңіп алды
Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының лицензиясы үшін өткен әлемдік турнир аяқталып, оның қорытындысы бойынша еліміздің бес боксшысы Олимпиадаға жолдама алды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі jambylinfo.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады. Айта кетейік, бұл жарысқа Қазақстан құрамасының ерлер және әйелдер арасындағы 11 боксшысы (6 ер, 5 әйел) қатысқан. Осылайша, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов (51 кг), әлем чемпионы Сабырхан Махмұд (57 кг), әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері, ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг), әлем чемпионы Нұрбек Оралбай (80 кг) және 2018 жылы Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында ұйымдастырылған жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Айбек Оралбай (92 кг) Парижге баратын болды. Өкінішке қарай, әйелдер құрамасынан ешбір боксшы Париж Олимпиадасына бармайтын болды. Сурет Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен алынды