Жаңалықтар

- 20 градус. Қазақстанға аяз қайта оралады

- 20 градус. Қазақстанға аяз қайта оралады

«Қазгидромет» РМК 12, 13, 14 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше алдағы үш күнде Қазақстан аумағында ауа температурасы күрт суытады. Кейбір өңірлерде - 20 градус аяз болжанып отыр, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап. Болжам бойынша, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі салдарынан ауа райы қолайсыз болмақ. Жауын-шашын түседі. 12 наурыз күні Қарағанды, Павлодар облыстарында жаңбыр аралас қар жауады. 12-13 наурызда Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында да осы күн райы қайталанады. Жалпы Республика территориясында жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.

/ фото tengrinews.kz сайтынан алынды