Жаңалықтар

Ұлыбританияда Қазақ орталығы ашылды

Ұлыбританияда Қазақ орталығы ашылды

Тұманды Альбионда Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы мәдени-достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған Қазақ орталығының ашылу салтанаты өтті,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап. Ұлыбританиядағы қазақтардың саны жылдан-жылға артып келеді. Озық оқу орындарында білім алып жатқан студенттер және жергілікті компанияларда уақытша жұмыс істейтін отандастарымыз көп. Жырақта жүрсе де, жүрегі туған жер деп соғады. Қазақ орталығы ең алдымен сол қазақтардың басын біріктіруді мақсат етіп отыр.

Шетелдіктердің қазақ мәдениеті мен өнеріне деген қызығушылығы зор. Димаш Құдайбергеннің танымалдылығы артқалы бері тіпті көбейген. Ресми тіркелген жанкүйерлерінің саны мың жарымнан асып жығылады. Сүйікті әншісінің әндерін түсіну үшін қазақ тілін үйреніп жүр. Бұл іс-шарада олар қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен танысты.

Орталық қазақстандық дарынды жас музыканттарды Ұлыбританияға шақырып, өнерін насихаттауды жоспарлауда. Бұдан бөлек, отандық кәсіпкерлердің өнімімен жергілікті халықты таныстыруды да ойластырып жатыр. Орталық қызметкерлері қазақтың биі мен киімдерін трендке айналдыруды мақсат етеді. /Фото: Ғалымжан Қараманұлы/Kazinform