«Тараз» футбол клубы Түркияда жаттығып жүр
«Тараз» футбол клубы Түркияда жаттығып жүр
«Тараз» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастап кетті. Ағымдағы жылғы маусымға біздің жігіттер де өзге командалар секілді дайындық жұмыстарын Түркия елінде жүргізіп жатыр. Жерлестеріміз әзірге өздерінің алғашқы ашық оқу-жаттығу жиынын өткізіп үлгерді. Осы оқу-жаттығу жиынының аясында «Тараз» футбол клубы төрт бірдей жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Жаттығу жұмыстары 14-26 қаңтар аралығын қамтитын болады. Әлбетте, осы оқу жаттығу жиындарында барлық командалар құрамына жаңа футболшыларды алып жататыны бар. Бұрынғы ұжымдарымен қош айтысқан футболшылар жеке агент ретінде өзге команда іздеп, Түркияға ағылатынын да білеміз. Демек, бұл іссапарда өзге клубтар секілді «Тараз» командасы да өз құрамын жаңартып қалар. Ол жағы әзірге белгісіз.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».