Тұлғаға арналған тағылымды іс-шара
Тұлғаға арналған тағылымды іс-шара
2035 әскери бөлімінде Д.А.Қонаевтың туғанына 103 жыл толуына орай «Ғасыр толғантқан тұлға» атты тарихи-мәдени іс-шара өтті. Ширек ғасырдан астам қазақ елін басқарған тұлғаның өмірбаяны мен еңбек жолы туралы сарбаздар мол мағлұмат алды. Іс-шара мақсаты – Д. Қонаевтың жақсы қасиеттерін жастарға айта отырып, олардың бойына адамгершілік, еңбексүйгіштік, әдептілік, кішіпейілділік сезімдерін ұялату. Іс-шара барысында сарбаздар кітапханада ұйымдастырылған кітап көрмесімен де мұқият танысып, Д.А.Қонаев туралы өз пікірлерін ортаға салды. Іс-шараны тәрбие және әлеуметтік құқықтық бөлім басшысы, майор Дамир Түлеубаев мағыналы сөзімен ашса, капитан Ринат Жомартов бұл игі шараға өнерлерімен белсене қатысқан сарбаздарға жылы лебізін арнады. Бөлімше командирі ефрейтор Мейіржан Оразалиев, қатардағы жауынгерлер Алишер Сламжанов, Бақтияр Узбеков, Жәнібек Бейсекеев, Шоқан Байзақов, Сабыржан Қырықбай және Дәурен Байгерімнің кештің қызықты да әсерлі өтуіне атсалысқанын айтқан жөн.
Камила Әбсеметова, 2035 әскери бөлімінің қызметкері.