- Advertisement -

Таразда… ЖАҢА МЕТЕОСТАНСА

63

- Advertisement -

2М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Физика» кафедрасының қызметкерлері, студенттері мен оқытушылары өңірдегі заманауи жарақтандырылған алғашқы метеостансаны іске қосты.
Аталмыш жобаны жүзеге асырушы топқа кафедра лаборанты Станислав Сухоносов жетекшілік етті. Станса барлық метео­параметрлерді өлшейтін заманауи құралдармен жабдықталған. Күннің атуы мен батуының нақты уақыты белгіленеді. Мұның бәрі онлайн режімінде компьютер арқылы тіркеліп, www.meteoperson.kz сайтына жіберіліп те отырады. Онда ауаның температурасы мен ылғалдылығы, атмосфералық қысым, желдің жылдамдығы мен бағыты, ультракүлгін сәулеленудің индексі мен қуаты, жауын-шашын туралы мәліметтердің барлығы да бар. Станислав Сухоносовтың айтуынша, метеостанса құрыл­ғысы көмегімен жер сілкінісін алдын-ала анықтауға да болады.
Метеостансаны құру идеясы бес жыл бойы ойластырылып, тиісінше тәжірибелік сынақтар жүзеге асырылған. Алдағы уақытта станса еуропалық құрылғылармен қосымша жарақтандырылмақ.

«Ақ жол – Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support