Елімізде бағдаршамның сары түсі жанған кезде жолдан өтуге тыйым салынды
Елімізде бағдаршамның сары түсі жанған кезде жолдан өтуге тыйым салынды
Елорда полициясы бағдаршамның сары сигналына өтуге тыйым салу туралы ескертті,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, көбіне жол-көлік оқиғалары бағдаршамның сары түсі жанып тұрғанда өткен кезде болады. Бұл ретте жүргізушілерге Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 5-тарауының 24-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағдаршамның сары сигналы қозғалысқа тыйым салатынын, ал жыпылықтаған жасыл шам жақын арада тыйым салу сигналының шығатынын ескертеді. Мұндай бұзушылықтарды бейнебақылау камералары автоматты түрде тіркейтін болады.