Жаңалықтар

Бас мүфти Рамазан айында кәсіпкерлерді жеңілдік жасауға шақырды

Бас мүфти Рамазан айында кәсіпкерлерді жеңілдік жасауға шақырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы Рамазан айының басталуына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлады aqjolgazet.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің Ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті. Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-інен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы. Осы ретте Бас мүфти халықты қасиетті айда жүзеге асатын қайырымдылық іс-шараларға үлес қосуға шақырды.