Жаңалықтар

Президент Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты тапсырма берді

The final spritzer

Президент Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты тапсырма берді

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов президентке атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Президент министрге мегаполис тұрғындарының амандығын сақтау және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ қаладағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жалғастыруды тапсырды. ▪️Айта кетейік, Алматыда сағат 11:22-де 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. 12:54-те 2 балдық дүмпу болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 255 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Мамандар мұның автершок екенін хабарлады.