Жаңалықтар

83 жастағы студент

83 жастағы студент

Ақтөбеде 80-нен асқан зейнеткер Зауза Молдабаева университетте білім алып жүр. Жастармен жарысып, таңмен сабаққа асығатын ерекше студент ағылшын тілін үйрене бастаған, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап. 83 жастағы Зауза әже 40 жыл ғұмырын медицина саласына арнаған. Ауданда ұзақ жылдар бойы терапевт дәрігер, кейін басшылық қызметте болған. Немере сүйіп отырған әже үнемі ізденісте жүреді. “Күміс” университет жобасы туралы да интернеттен білген екен.

Кейуана сонымен қатар ағылшын тілін де үйреніп жүр.

“Күміс университеті” жобасының арқасында қазір Ақтөбеде зейнеткерлер түрлі курстан өте алады. Жобаға қатысу тегін. Ең басты шарт қатысушының жасы 50-ден жоғары болуы керек. Дәріс екі айға созылады.