Денсаулық

Спикерлер пулының өкілдері жастармен кездесті

Спикерлер пулының өкілдері жастармен кездесті

Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде өткен кездесуге департамент жанынан құрылған жас көшбасшылар спикерлер пулының өкілдері: «Әділдік жолы» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалының жетекшісі Н.Жувандикова және Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры А.Есіркепов, сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Ажибаев қатысты. Кездесу барысында спикерлер пулының өкілдері жастарды сапалы білім алуға, қоғамға пайдалы істермен шұғылдануға, зиянды әрекеттер мен әдеттерден аулақ болуға, мықты маман, жауапты тұлға болуға ұмтылу керектігі айтылды. Сондай-ақ, таңдаған мамандығының шыңына жетудің, елдің дамуына үлес қосатын адал тұлға болып қалыптасудың маңыздылығы айтылды. Өз кезегінде департамент өкілі заңнама талабына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылыққа қатысы бар екі тарап та жауапкершілікке тартылатыны, сол үшін де ондай заңсыздыққа жас кезден бастап қарсы тұруға шақырды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша кешенді жоспар аясындағы атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтіп, осы қоғамдық мәселеге жастар бей жай қарамау керектігі айтылды.