Талас
Талас
Аудан әкімдігінің көмегімен Қаратау қалалық әкімшілігінің бір бөлмесі «Асар» мүгедектер қоғамына берілді. Жаңа жайға қала кәсіпкерлері демеушілік жасап, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті жиһаздар әперді. Қоғам енді мүгедектермен қоян-қолтық жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерінің оң шешімін табуға көмектесетін болады.