Маман тапшылығы – маңызды мәселе
Маман тапшылығы – маңызды мәселе
Қазақстандық жолшылар жыл он екі ай бойы тынымсыз жұмыс істесе де, жол сапасы көңіл көншітпей тұрғаны кімді де болса ойландыруға тиіс. Мұндағы басты себеп – кадрлық дефицит. Қысқаша айтқанда, қара жолдың сапасын тексеріп, кемшілігін анықтайтын мамандардың аздығы. Десе де, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» қызметкерлері кадрлық дефицитті жоюда хәл-қадірінше еңбектеніп жатыр. Мәселен, жамбылдық жолшылар өңір жастарына жол саласының басым бағыттарын түсіндіріп, жұмыс барысындағы артықшылықтар мен мүмкіндіктерді кеңінен айтып жүр. Өз кезегінде бұл жасөспірімдердің осы салаға деген қызығушылығын оятуда. Нәтижесінде облыс орталығындағы бірқатар мектептердің жас түлектері болашақта осы мамандықты таңдауға шешім қабылдаған. Айта кетейік, өңіріміздегі жол-құрылыс саласында өзіндік қолтаңбасы бар «SineMidasStroy» компаниясында қазіргі таңда жол-зертхана шеберлері, арнайы техникаларды жүргізетін операторлар жеткіліксіз.