Азияның жаһандық рөлі
Азияның жаһандық рөлі
АӨСШК – Азия континентіндегі аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін беделді құрылым. Кеңестің жұмысына 28 мемлекет қатысады, олар Азия аумағы мен халқының 90 пайызын құрайды. 2022 жылғы қазанда өткен алтыншы саммитте АӨСШК-ті толыққанды ұйымға айналдыру туралы маңызды шешім қабылданған еді. Қазақстан АӨСШК-ге екінші екі жылдық кезең қатарынан төрағалық етіп отыр. – Қазіргі уақытта қазақстандық төрағалықтың күш- жігері АӨСШК 6-саммитінің шешімдерін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын және 2023 жылғы қыркүйекте өткен ұйымның Сыртқы істер министрлері кеңесі отырысының шешімдерін жүзеге асыруға бағытталған. Соның ішінде стратегиялық мақсат – АӨСШК-ті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру, сондай-ақ жастар мен волонтерлік қызметті қолдауға, қоршаған ортаны қорғауды дамытуға, климаттың өзгеруіне қарсы тұруға, өзара байланыс пен қаржыландыруға бағытталған жаңа бастамалар мен іс-шараларды әзірлеу және ұйымдастыру. Сонымен бірге, саммит қорытындысы бойынша трансформация барлық мүше мемлекеттерге ортақ міндет ретінде белгіленді. Оның негізгі мақсаты – АӨСШК құрылымдық институционалдық дамуы және мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы Азияның жаһандық рөлін арттыру, – дейді АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай.
Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП.