Бір күнде 6 миллион теңгеден астам қаражатты өндірілді
Бір күнде 6 миллион теңгеден астам қаражатты өндірілді
Биыл 27-29 ақпан аралығында Жамбыл облысында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның басты мақсаты - халықты салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттігі туралы хабардар ету.
Әкімшілік полиция қызметкерлері прокуратура өкілдерін және жеке сот орындаушыларын тарта отырып, жүргізушілерді арнайы автокөліктерде орнатылған тиісті дерекқорлар бойынша тексеруді жүзеге асырады. Көлік құралына тыйым салынғаны анықталған жағдайда борышкердің көлігі айыппұл тұрағына қойылады.
Халық арасында әкімшілік айыппұлдарды төлеу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 549 борышкердің үй-жайларына бару жүзеге асырылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды атында бар әкімшілік айыппұлдарын мерзімінде төлеуге шақырады. Сондай-ақ, жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұлдың 50 пайызын төлеуге құқығыңыз бар екенін естеріңізге саламыз. Жеті тәулік өткеннен кейін әкімшілік айыппұл толық көлемде өтеледі.