- Advertisement -

Құжаттарды электронды фоматта апостильдеу

15

- Advertisement -

1999 жылғы 30 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Шетелдік ресми құжаттарды консулдық заңдастыру талабын алып тастайтын конвенцияға қосылу туралы» Заңға сәйкес біздің еліміз 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага қаласында жасалған конвенцияға қосылды.

Нидерланды Сыртқы істер министрлігінің хабарламасына сәйкес аталған конвенцияға Қазақстан Республикасы үшін 2001 жылы 30 қаңтардан бастап күшіне енді.

Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан (апостиль) қойылады. «Апостиль» мөртабаны бұл- дипломаттық немесе консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын, қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейтін, мейлінше жылдам, жеңілдетілген заңдастыру рәсімі және бұл құжатты Гаага конвенциясына қосылған барлық уағдаласушы мемлекеттердің бiрiнiң аумағында жасалған және екiншi уағдаласушы мемлекеттің аумағына ұсынылуы тиiс ресми құжаттарға қолданылады.

Қазақстан Республикасында апостиль қою бойынша өкілеттіктерге ие ұйымдар ретінде 9 мемлекеттік органдар айқындалған. Сондай- ақ, Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары апостиль қоюға уәкілеттік берілмеген мемлекеттік органдар мен медициналық мекемелерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға құқылы.

Егер азамат шетелде болса, онда құжаттарды апостиль қоюға жіберу үшін ол қолданыстағы заңнамада белгіленген консулдық алымды төлей отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі дипломатиялық не консулдық мекемесіне жүгіне алады, сондай-ақ, ЭЦҚ арқылы апостиль қою үшін электронды форматта жүгіне алады.

Апостиль қоюға арналған құжаттарды олардың иесі тікелей не нотариат куәландырған сенімхат бойынша сенім білдірілген адамдар арқылы ұсынылады.

Азаматтардың электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық өтінішті беру және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу «элетрондық үкіметтің» веб- порталы арқылы жүзеге асырылады.

Электрондық апостильдеудің басты артықшылығы апостиль шығаруға және оның түпнұсқалығын белгілеуге жұмсалатын шығындар мен уақытты қысқарту, апостиль қызметтеріне қол жеткізуді жеңілдету, алаяқтықтан қорғауды арттыру, құзыретті органдардың жүктемесін азайту, құжаттарды жоғалту қаупін азайту, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету және статистика жүргізуді жеңілдету болып табылады.

 

Ғ.АҒАЙДАРОВ,

облыстық әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support