Жаңалықтар

Жамбыл облысында 255 мемлекеттік қызметшінің орны бос

Жамбыл облысында 255 мемлекеттік қызметшінің орны бос

Жамбыл облысында 255 мемлекеттік қызметшінің орны бос,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Шариповтың айтуынша, өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің штат саны – 4 475. Қазіргі таңда 4 220 мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Бос лауазымдар үлесі – 255 немесе 5,7 пайыз. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 41,1. Сондай-ақ сала мамандарының орташа мемлекеттік қызмет өтілі – 12,8 жыл. Өткен жылы мемлекеттік қызметшілерге арналған тестілеуден өтуге барлығы 4 266 азамат өтініш білдіріпті. Өтініш білдірген азаматтардың ішінен 1 401 адам немесе 32,8 пайызы тестілеудің шекті мәнінен өткен. Руслан Шамелұлының айтуынша, 2023 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 14 тексеру жүргізіліпті. Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың 386 фактісі анықталып, бұзушылықтарды жою туралы 10 нұсқама және 4 ұсыныс енгізілген. Нұсқамалар мен ұсыныстар толығымен орындалған. Сонымен қатар тексерулер нәтижесінде 1 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалыпты. Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 2 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 15 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.