Сағыну
Сағыну
Жоғалған мендік төзімдей, Шашылып қалған сезімдей, Айменен жалғыз сырластым, Таң атырдым көз ілмей.
Қинады мені қанша мұң, Қинала енді шаршадым. Жалығып жүрген кей сәтте, Өзіңді ғана аңсадым.
Сарғайтқан бізді күз бе еді, Үмітті мүлде үзбедім. Соғумен жүрек дамылсыз, Өзіңді ғана іздедім.
Бақытқа бәлкім жетерміз, Көңілдің күйін шертерміз. Амалым бар ма, күнім-ау, Екі жақтамыз екеуміз.
Түндердің оқып дұғасын, Мендегі күйді ұғарсың. Сездірмей жанға сен мені, Сағынып жүрген шығарсың.
Уақыттан уақыт озады, Өмірдің бұл да ғажабы. Жанымды жалғыз қинайтын, Сағынышымның мазағы.
Самат ТОҚБАНОВ, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті.