Патшаның шешімі
Патшаның шешімі
Арада зымырап алты ай уақыт өтеді. Уәзірлер патшаның алдына жиналады. 39 уәзір қауашақтарын алқызыл гүлге толтырып келсе, біреуі ғана бос қауашақты әкеліпті. Басқасы гүл өсіре алмаған уәзірді мазақ етіп, күліпті. Бір уақытта сырттан келе жатқан патша қаумалаған уәзірлерінің біріне де аялдамай, әлгі бос қауашақ әкелген адамның қасына келіп, ризашылықпен қарап: «Өсіре алмадың ба?» – дейді. Патша артынша барлық уәзірлерді жинап алып: – Мен сіздерді сынап көру үшін гүлдің қурап кеткен тұқымын беріп едім. 39-ыңыз мені алдап, өтірік гүл өсіріп келдіңіздер. Тек бір ғана уәзірім бос қауашақ әкелді. Демек, сол ғана адалдық танытты. Сол ғана әділдікке тура қарады. Сол уәзіріме тағымды беремін, – депті. Бұл тәмсілдің аст арында түрлі көрініс жатыр. Адалдық пен тазалықтың жолы соншалық қиын екені, қиын болса да кейде әділдіктің де салтанат құратыны қандай жақсы!
Есет ДОСАЛЫ