Іздестіру жұмыстары жалғасуда

Іздестіру жұмыстары жалғасуда
Департамент штабында секторлар бойынша іздеу жүргізу үшін картада Билікөл көлі 91 учаскеге бөлінген. Әрбір тексерілген сектор картада белгіленіп отырды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына департаменттің жеке құрамы, жергілікті тұрғындар, туыстары мен еріктілерден басқа 40 техника, 1 эхолот, 3 пилотсыз ұшу аппараты және 9 жүзу құралдары тартылды. Сондай-ақ, іздеуге Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы жұмылдырылды. Құтқарушылардың іс-қимыл алгоритміне сәйкес іздеу жұмыстары 10 күн өткеннен кейін, 21 қаңтарда тоқтатылды. Себебі, жоғалған адамдардың туыстары қолайсыз ауа райына (жел, кей жерлерде тұман, аяз және тағы басқа) байланысты жүргізілетін жұмыстардың күрделілігіне орай, қолайлы ауа райы белгіленгенге дейін іздеуді тоқтатуды сұраған болатын. 10 ақпанда Билікөл көлінде жоғалып кеткен азаматтарды іздестіру жұмыстары қайта жанданды. Бұл күні ұшқышсыз ұшақтың көмегімен жоғалған адамдардың бірінің денесі табылып, жағаға шығарылды. Ал, 1987 жылы туған екінші азаматты іздестіру жұмыстары әзірге нәтиже бермеді. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП