Жамбыл облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 42 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды
Жамбыл облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 42 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды
Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс аумағында уақытша не тұрақты болатын шетелдіктерді бақылау бойынша жұмыстар атқаруда. Қолданыстағы көші-қон заңнамасы талаптарының бірі Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктерді бақылау болып табылады. Қазақстан аумағында 183 күннен артық болмаған шетелдіктерге тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 52 шетелдіктің бұзушылық деректері анықталды, олардың республикада тұрақты тұруға берілген рұқсат қағаздарының күші жойылды. Енді бұл шетелдік азаматтар тегін медициналық көмек, зейнетақы төлемдері және тағы да басқа көмек алу мүмкіндігінен айырылды. Жалпы, осы жылдың басынан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен республика аумағынан 42 шетел азаматы шығарылды. Көші-қонды бақылауды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табады.