Жаңалықтар

Жамбыл облысында заңсыз аң аулағандар құрықталды

Жамбыл облысында заңсыз аң аулағандар құрықталды

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері мен мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің инспекторлары жыл басынан бері рейдтік іс-шаралар барысында ҚР Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрық аңын заңсыз ату бойынша 3 дерек анықталған. Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Мемлекетке келтірілген залал көлемі 13292,0 мың тенгені құрады. Сала қызметкерлері жамбылдықтарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген Аң аулау қағидаларын сақтауды ескертеді. Заңсыз аң аулаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес айыппұлдар қарастырылған. Бұдан өзге, ҚР Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарларды аулаған жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.