Әлеумет

Түрме атаулы тысқары жерде болу керек

Түрме атаулы тысқары жерде болу керек

Облыстық «Ақ жол» газетінің биылғы 6 қаңтардағы №2 санында жарық көрген «Тараздың төріндегі түрме қашанғы тұрады?» атты мақаланы оқып, ойға қалдым. Мәселе дұрыс көтеріліпті. Қала күннен-күнге өсіп, өркендеп келе жатыр. Алдағы даму жоспары да ауқымды. Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде тарихи шаһарымызды туристерге таныстыруға талпынып жатырмыз. Міне, осындай үлкен жұмыстарға келеңсіз көріністер өзінің көлеңкесін түсірмегені абзал. Мақалада жазылғандай, бұл түрме кезінде қаланың шетінде болған шығар. Шаһар ұлғая келе бұл орын тура орталықта қалып кетті. Жалпы, түрме атаулының орталықта болмағаны дұрыс қой. Шынында да, тікен сымтемірлері едірейіп, бірден көзге қораш көрінеді. Сондықтан да мұндай орындар сыртта, көптің көзіне түсе бермейтін елеусіздеу жерде болуы қажет.

Арғынбай БЕКБОСЫН, жазушы, облыстың Құрметті азаматы.