Құқық

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері білім ошақтарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Мәселен, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет майоры Олжас Бектаев пен тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі тобының аға инспекторы, әділет капитаны Әмина Масатбай Т.Рысқұлов ауданындағы 5 бірдей мектепке арнайы барып, 11 сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында ҚАЖ қызметкерлері оқушыларды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына оқуға түсуге шақырды.