Мемлекетаралық іздеуде жүрген жас жігіт Алматыда ұсталды
Мемлекетаралық іздеуде жүрген жас жігіт Алматыда ұсталды
Пробациялық бақылаудан жалтарушыларды іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Тараз қалалық №1 пробация бөлімінің бастығы, әділет майоры А.Ниязымбетов пен инспектор, әділет аға лейтенанты С.Алтынбек мемлекетаралық іздестіру жарияланған О есімді сотталған азаматты ұстады. Тексеру кезеңінде жас жігіт масаң күйде болғандықтан, жағдайды анықтау үшін Жамбыл облыстық наркологиялық диспансеріне жеткізілді. 2003 жылғы жас жігіт Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 191 бабының 2 бөліміне (Тонау) сәйкес кінәлі деп танылып, сот үкімімен оған «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы тағайындалған. Бүгінгі таңда сотталған азамат Алматы қалалық Алатау аудандық сотының үкімі негізінде Тараз қаласындағы №67 мекемеге (тергеу изоляторы) қамауға алынды. Айта кетейік, ҚАЖ қызметкерлері тұрақты негізде сотталған азаматтар мен пробациялық бақылау орнатылған жазасын өтеушілерді іздестіру жұмыстарын жүргізуде.