Құқық

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері саптық тексеріс өткізді

The final spritzer

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері саптық тексеріс өткізді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі бастығының талабына сәйкес, №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері толықтай саптық тексерістен өткізілді.

Саптық тексеріс барысында ҚАЖ қызметкерлерінің сыртқы келбеті жинақы, таза әрі ұқыпты және нысандық киім үлгісінің талапқа сай болуына баса назар аударылды. Сондай-ақ, қызметтік куәліктерінің жарамдылық мерзімі, лауазымы мен арнайы атағының сай болуы мұқият тексерілді. Ал, анықталған елеусіз кемшіліктерді жою бойынша тиісті тапсырма берілді.