Мемлекет басшысына Премьер-министрдің кандидатурасын басқарушы саяси ұйым – «Аманат» партиясы ұсынады
Мемлекет басшысына Премьер-министрдің кандидатурасын басқарушы саяси ұйым – «Аманат» партиясы ұсынады
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. «Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мақұлдаған жағдайда, келісім алу үшін оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келісім берсе, Президент жаңа Премьер-Министрді тағайындайды. Содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын жасақтау процесі басталады»,-деді Берік Уәли.