Құқық

«Қақпа алдында кездесу»

«Қақпа алдында кездесу»

«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен Пәкістан Республикасының 4 азаматы бостандыққа шықты. Сондай-ақ, бұл күні сот үкімімен кінәлі деп танылған 4 қазақстандық азаматтар да еркіндікке жолдама алды.

Әлеуметтік шара аясында сотты болғандарға өз міндеттері мен құқықтары түсіндіріліп, қайта қылмысқа бармау қажеттігі қатаң ескертілді.