Әлеумет

Қыс қыспайды демеңіз...

Қыс қыспайды демеңіз...

Биыл қаңтардың соңғы күндері мен ақпан айының басында өңірімізде ақ ұлпа қар толастамай жауып тұр. Соған орай ауа райы да құбылмалы болып, қалың қар, боран және көрінудің шектелуіне байланысты 31 қаңтардан бері облыста республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың кейбір учаскелеріне шектеу қойылып, тіпті кейбір бөліктері бірнеше рет жабылып-ашылды.

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттық тобының құрамында әскери қызметшілер мен министрлікке қарасты Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің, Әскери білім және ғылым департаментінің өкілдері болды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы, мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы, «Жас сарбаз» республикалық қозғалысының басшылығы да шараның бел ортасынан табылды. Салалық ведомствоның ақпараттық-насихат тобының Тараз қаласындағы жұмысы Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшылығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Акцияға жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының студенттері, жоғары оқу орындарының әскери кафедраларының студенттері, сондай-ақ «Жас сарбаз» қозғалысының студенттері шақырылды. Алдымен Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы Тараз гарнизонының мерзімді әскери қызметшілерімен кездесу өткізді. Сарбаздарға әлеуметтік жеңілдіктер, соның ішінде әскери борышын өтеу мерзіміне несиелік демалыс беру, жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырмай-ақ оқуға қабылдау, ал жауынгерлік даярлық бойынша үздік студенттерге грантқа түсу туралы ақпарат берілді. Негізгі іс-шара қарсаңында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы Назарбаев зияткерлік мектебінде, сондай-ақ №41 мектеп-гимназиясында болды. «Жас сарбаз» қозғалысы, «Патриотизм – Қазақстанның өркендеуінің негізі» тақырыбында ерлік сабағы өтті. Мұнан соң «Баласағұн» концерт залында өткен іс-шара Ұлы Отан соғысы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылу тарихына, сондай-ақ олардың даму болашағына арналған мұражайлық көрмені көрсетуден басталды. Еліміздің Қарулы Күштері туралы бейнеролик көрсетілгеннен кейін Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-танымдық тобының өкілдері студенттерге міндетті әскери қызметке шақыру шарттары, әскери оқу орындарына қабылдау мәселелері және құжаттарды тапсыру тәртібін жан-жақты таныстырды. Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің офицері, подполковник Дәулет Бейсеков өз сөзінде Қазақстанды нығайтуда өскелең ұрпақ пен жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті. Жиын Қорғаныс министрлігінің көркемөнерпаздар ұжымы мен әскери оркестрінің орындауындағы концерттік бағдарламаға ұласты. Туған жер туралы жүрекжарды әндер, сазды композициялар мен би қойылымдары жас көрермендерге рух, жігер мен қуат берді. Олар өздерінің Отанға деген перзенттік махаббатын оятқан өнерпаздарға айрықша қошемет көрсетті. – Бұл шараның маған қатты ұнағаны соншалық, қыз баласы бола тұра, Отан қорғауға құлшынысым артты. Мен өзімді әскери қызметке арнағым келетінін түсіндім. Шындығында Отанды қорғайтын біз ғана, біздің Отан өзімізге ғана қажет. Сондықтан, барлық қатарластарымды осы қасиетті парызды абыроймен өтеуге шақырамын, – деді Тараз қаласындағы №8 орта мектептің оқушысы Інжу Жеңісқызы. Айта кетсек, «Егемен ел ертеңі – айбынды жастар» акциясы Түркістан облысында жалғасады. Мұнан соң Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы Шымкент, Түркістан, Арыс және Кентау қалаларында болады деп жоспарланып отыр.