Жамбылда не жаңалық?

Байзақ

Байзақ

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында ауданда 7 мәдени нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Республикалық бюджеттен бөлінген 2 миллион 338 мың теңгеге – Мырзатай ауылдық клубы, 1 миллион 804,4 мың теңгеге – Дихан-2 ауылының мәдениет үйі, 2 миллион 494 мың теңгеге – Қызыл жұлдыз ауылдық клубы, 1 миллион 524 мың теңгеге – Байзақ, 1 миллион 676 мың теңгеге – Түймекент ауылдық клубы және 2 миллион теңгеге Ынтымақ елді мекеніндегі мәдени ошақ жөндеу жұмыстарынан өткізілді.