Қазынашылық жүйесі қызметкерлеріне құрмет
Қазынашылық жүйесі қызметкерлеріне құрмет
Салтанатты жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, қазынашылық жүйесінің қызметкерлерін құттықтады. – Қазынашылық жүйесі 30 жыл ішінде әртүрлі даму кезеңдерінен өтті. Әлі де алдында үлкен мақсаттар тұр. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдары Қазынашылықтың Бас басқармасы да құрылды. Сала мамандары қаражатымызды мақсатты түрде іске асыруды қамтамасыз етіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев қаржы саласына ерекше көңіл бөлуде. Қазынашылық жүйесі 30 жылда әртүрлі даму кезеңдерінен өтіп, бүгінгі таңда еліміздің қаржылық жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Қаржы жүйесін дамытуға қазынашылық органдарының қосқан үлесі зор деп сеніммен айта аламын. Бұл саланың темірқазықтай қалыптасуына осы жерде отырған сала ардагерлері мен қызметкерлері мол үлес қосты. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында өңір экономикасы қарқын алып, былтырғы жылдың бюджеті 99 пайызға игерілді, – деді облыс әкімі. Бұдан кейін аймақ басшысы бірқатар сала озаттарын «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Сондай-ақ, облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев қазынашылық жүйесінің қызметкерлерін құттықтап, сала қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне 30 жыл» төсбелгісін табыстады. Ал, сала ардагері Айбарша Сүндетқызы да жақсы тілегін арнап, әріптестерін мерекесімен құттықтады.