Отандық компания өкілдерімен кездесті

Отандық компания өкілдерімен кездесті
«EVC» компаниясы электр зарядтау станцияларын жеткізу, орнату мен техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсынды. Мұнда 3 киловаттан 180 киловатқа дейінгі әртүрлі қуаттылықты қамтитын жабдық түрлері бар. Кездесуде Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков облыс орталығында электр зарядтау станцияларын орнату мақсатында арнайы орындар белгіленгенін жеткізді. Алғашқы кезеңде дәл осындай 50 нысанды орнату жоспарлануда. Атап өтерлігі, бұл жұмысқа компаниялар конкурстық негізде қатысатын болады. «Set» компаниясы бірыңғай ақпараттық ортамен біріктірілген автоматтандырылған бағдарламаларды, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтитын «Қауіпсіз қала» жүйесін әзірледі. Кездесу соңында аймақ басшысы жауаптыларға жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастыру бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.