Қош бол, көкем (Баттал Жаңабайұлына)
Қош бол, көкем (Баттал Жаңабайұлына)
Тұрмыз міне, ауыр жайға кезігіп, Көке, кете бардыңыз ба көз іліп. Қайғырып тұр қара ормандай ел-жұртың, Қадірің мен қасиетіңді сезініп. Сөйледіңіз сөздің нәрін пісіріп, Талай шәкірт шықты сізден ысылып. Өкінбедік аз жасады деп сізді, Кеткеніне өкінемін кісілік. Жылы сөзбен бәрімізді бір мәз ғып, Әрбір сәтті жүрдіңіз-ау шын жаз ғып. Өкінбейміз аз жасады деп сізді, Өкінеміз кеткеніне сырбаздық. Ішіңізге асыл ойлар көп тұнып, Жүрдіңіз-ау, төңіректі шат қылып. Өкінеміз сізбен бірге кетті деп, Асыл мінез, бекзадалық, тектілік! Қимас ел жұрт келіп жатыр жан-жақтан, Бәрі сізге дұға тілеп, толғатқан. Асыл көке пейіште нұрың шалқысын, Жаратушы орын бергей Жаннәттан!
Есет ДОСАЛЫ,
ақын.