Пәкістан елінің азаматы бейнебайланыс арқылы отбасымен сөйлесті
Пәкістан елінің азаматы бейнебайланыс арқылы отбасымен сөйлесті
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтейтін Пәкістан елінің азаматы бейнебайланыс арқылы отбасымен сөйлесті.
Қауіпсіздігі барынша төмен мекеме қызметкерлерінің ықпалымен Skype жүйесі арқылы тілдесу барысында сотты болған ер адам туған-туысының жағдайын біліп, амандығынан хабардар болды. Айта кетейік, арнайы контингенттің бейнебайланыс арқылы жақын-жуықтарымен хат-хабар алмасуы коронавирус індеті өршіген тұстан бері кеңінен қолданысқа енді. Өйткені, сол жылдары жалпақ жұрттың тыныштығын бұзған дерттің алдын алу мақсатында түзеу мекемелерінде ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер уақытша тоқтатылған болатын.