Көлікті масаң күйде басқарғаны үшін әкім жазаланды
Көлікті масаң күйде басқарғаны үшін әкім жазаланды
Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен әдеп жөніндегі кеңесте облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Елдос Бекпатшаев айтты. 2023 жылы әдеп нормасын бұзу бойынша жүргізіген жұмыстың нәтижесінде 4 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылған. Айталық, жұмыс орнында ішімдік ішкені үшін Тараз қаласы әкімі аппаратындағы 2 қызметкер; Мемлекеттік қызметшілермен көлікті масаң күйде басқарғаны үшін Талас ауданы Кеңес ауылдық округінің әкімі, Қарым-қатынас орнату мәдениетінің төмендігі және бейәдеп сөйлеуі Жамбыл ауданы Ақбастау ауылдық округінің әкіміне тәртіптік жаза қолданылған. Сондай-ақ жиында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактісі 2022 жылмен салыстырғанда 50% төмендегені айтылды.